Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері КВИ-ге экспресс тестілеуден өтеді

Коронавирустық инфекциянының алдың алу іс-шараларына қатысқан ақтөбелік полиция қызметкерлері  КВИ-ге экспресс тестілеуден өтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 сәуірден бастап Ақтөбе облысында КВИ-мен күрес шараларына белсенді қатысатын полицейлерге жедел тестілеу басталды.

Тәртіп сақшылары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Атап айтқанда, полицейлер облыс жолдарындағы блокпостарға бекітілген. Олар сондай-ақ мобильді топтар құрамына қатысады және аймаққа келетін қазақстандық азаматтармен, вахташылармен, РФ және басқа да елдердің студенттермен қатынаста жүреді.

Полиция қызметкерлері карантинге жабылған Ақтөбедегі кіреберістерді тәулік бойы күзетеді, сондай-ақ басқа азаматтармен пациенттердің қандай да бір байланысын болдырмау мақсатында қаланың провизорлық, карантиндік және инфекциялық госпитальдары құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршауда ұстайды. Осылайша тәртіп сақшылары ақтөбеліктер арасында инфекцияны таратпауға ықпал етеді.

Ақтөбе облысының ПД бас санитарлық дәрігері Әбдіғаппар Еңсеповтың айтуынша, КВИ-мен күрес шараларына қатысатын барлық полиция қызметкерлері экспресс тестері арқылы тексеріліп жатыр. Бүгінгі таңда 186 полиция қызметкері тестілеуден өтті, оның нәтижесі теріс болып шақты.

Бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері арасында КВИ жұқтырғандар анықталған жоқ.

Полиция департаментіне жергілікті атқарушы органдардан 1000 тест берілді,жақын арада қосымша тест партиясы күтіледі. Экспресс тестілер арқылы КВИ пациенттерін анықтау карантиндік іс-шаралардың соңына дейін жалғасады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінеқызмет атқару кезіндегі КВИ алдын алу мақсатында сақтық шаралары, қорғаныс костюмдерін және жеке қорғану құралдарын кию ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді. КВИ-ге қарсы күрес шараларына бекітілген полицейлер Ақтөбе облысы ПД тапсырысы бойынша ЖШС «Еңбек Ақтөбе» арнайы қорғау костюмдерімен толық жабдықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру