Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин сақталуын қалай бақылауға болады?

Алматының ірі ауданында карантиннің сақталуын қалай бақылауға болатынын Полиция басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов ауданы полициясының мәліметінше, ауданда күн сайын 500-ден астам адам, оның ішінде полиция қызметкерлерінен бөлек Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері де карантиндік шараларға тартылған.

«Алдын-алу жұмысы басымдық болып табылады. Біздің ауданымыз ең тығыз қоныстанған, сондықтан ақпараттандыру негізінен тұрғын ауданда, қоғамдық жерлерде жүзеге асырылады. Бұл жұмыста біз патрульдік және ювеналды полицияның ресурстарын қолданамыз, тиісті профильдегі еріктілер де барлық көмектерін көрсетуде. Азаматтардың тәртібі едәуір жақсарды: кейбір жағдайларды қоспағанда, жергілікті тұрғындар карантинді сақтау қажеттілігін біледі және құқық бұзушылық жасамайды. Ал төтенше жағдайды елемегенді қалайтындар ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады: карантин басталғаннан бастап 252 адамға қатысты хаттамалар жасалды. Сот шешімімен олардың 74-і әкімшілік қамауға алынды, 124-іне айыппұл салынды, тағы 54-іне ескерту жасалды», – дейді Әуезов аудандық Полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.

Спикердің айтуынша, қылмыстық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде ауданда қылмыс деңгейі 41,7 пайызға төмендеді. Мүліктік қылмыстар азайды, сондай-ақ көшеде және қоғамдық орындарда заңсыз әрекеттер жасау азайды.

«Полиция қызметкерлерінің КВИ-мен күресте алдыңғы қатарда тұрғандығын және қауіп-қатерге ұшырау қаупі жоғары екенін ескерсек, жеке қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады. Біздің қызметкерлеріміз бүгінде карантиндік аймақтың айналасындағы бақылау-өткізу пункттерінде, қала сыртындағы тосқауыл бекеттерінде, инфекция ошағының күзетінде, медициналық нысандарда, көшелерді күзетуде – тұрғындармен тығыз байланыста, жұқтыру қаупін жою үшін барынша санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданды: жеке құрам медициналық маскалармен, бір рет қолданылатын қолғаптар, антисептикалық заттармен жабдықталған. Полиция бөлімшелерінің және әкімшілік ғимараттарына санитарлық тазартқыштар мен кварц шамдары орнатылды», – деді Тұрсынбетов.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру