Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бекетте пара беру тоқтатылды

Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінде пара беру тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда ер адам патрульдік полиция инспекторларына бақылау-өткізу пунктінен кедергісіз өту үшін пара ұсынды.

«И.есімді азамат, 1987 жылы туған, Қырғызстан Республикасының тумасы. Қоршау бекеті Бекмаханов көшесінде, Қапшағай қаласы бағытында орналасқан. Ер адам белгіленген шектеулерге қарамай қаладан кетуге тырысты. Бекетте ол патрульге 7 мың теңге ұсынды. Полиция, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы бойынша жауапқа тартылған пара берушіні ұстау шараларын жасады», – деді Алматы қалалық ПД Жеке қауіпсіздік басқармасының басшысы Саламат Көкірекбаев.

Алматы Полиция департаменті азаматтарды мемлекеттік қызметкерлерге пара беруден бас тартуға шақырады және қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру