Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин режимін сақтау қатаң бақылауда тұр

Карантин режимін бұзудың жиілеп кетуіне байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов облыс тұрғындарына өтініш білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының полицейлері ТЖ режимін тәулік бойы жариялаған сәттен бастап азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ бас санитарлық дәрігердің қаулысының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Осыған байланысты Сізді карантин талаптарын сақтауға және КВИ ауруын таралуын болдырмау мақсатында адамдар көп жиналатын жерлерге бармауды шақырамыз.

6 сәуірде Ақтөбе қаласында карантин жарияланды, ал облыс аудандарында шектеу шаралары қабылданды.

Сонымен қатар, блок-бекеттерді айналып өтуге тырысып, жалған рұқсат құжаттарымен жүріп, белгіленген шектеулерді саналы түрде бұзатын азаматтардың ТЖ режимін бұзу фактілері тіркеліп жатыр.

Бүгінгі таңда облыс полицейлері ЖСН немесе машина нөмірі бойынша онлайн режимінде аталған тұлғаның ТЖ режимін қасақана бұзушы болып табыла ма, автомашинаныңСергек патруль” және Сергек карантин” базаларына сәйкес қалада жүруге рұқсаты бар ма екенін анықтауға мүмкіндік беретін барлық қажетті техникамен толық жабдықталғанын назарға алған жөн.

Нұсқамаларға сәйкес, азық-түлік дүкеніне басқа адамдармен қарым-қатынасты барынша азайту үшін отбасының бір мүшесі үш күнде бір рет жүру қажет. Карантин кезінде көп адам бар мерекелік және басқа да отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, тіпті туыстарымен байланыстарды барынша қысқарту ұсынылады. Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперделер мен қолғаптар кию, антисептиктерді пайдалану қажет. Алайда, бұндай күрделі емес ұйғарымдарды көптеген адамдар бұзады.

Оның ішінде 140-ден астам автокөлік айыптұрағына салынып, 190-ға жуық адам тұтқындалды және 230-дан астам адамға айыппұл салынды.

Барлық аталған іс-шаралар халықтың қауіпсіздігі және КВИ  жұқтырылуын болдырмау мақсатында өткізіледі.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру