Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сақшылар қосымша қорғаныс костюмдерін алды

Індет жұқтыру қаупі жоғары орындарындағы Солтүстік Қазақстан облысы сақшылары қосымша қорғаныс костюмдерін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер облыстық ҚАЖ департаментінен, әйелдер колониясында тігілген обаға қарсы 350 костюм алды. Комбинезон, бетперде және қолғаптан тұратын жиынтық коронавирус жұқтырудан қорғануға арналған. Алғашқы кезекте, костюмдер ТЖ кезеңінде Петропавл блок-бекеттерінде «қорғаныстың алғы шебінде» қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге берілді.

СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының жас қызметкері Асан Қазесов карантиннің алғашқы күнінен блок-бекетке жұмылдырылған. Күн сайын оның ауысымы 12 сағатқа созылады. Ол арнайы костюмның артықшылығын бірден бағалады.

«Еркін қозғалуға болады, теріге және киімге инфекцияның түсуінен мықты сақтайды», – дейді А.Қазесов. Біздің жеке басымыздың қорғалуы ғана емес, үйімізге вирусты әкелмеуіміз маңызды».

Күшейтілген жұмыс кезеңінде Асан өз отбасын сирек көреді. Алты жасар баласы Ислам әжесі мен атасына «қоныс аударған». Жары Альбина да КҚҚБ жұмыс істейді, негізгі жұмысынан басқа ол сағат 23-00-ге дейін жалғасатын патрульдеуге анда-санда шығып тұрады. Сәуір айында ерлі-зайыптылардың демалыс күндерінің бірдей келіп, бос уақыттарын балаларымен өткізгенін үлкен бақытқа балайды.

Барлық қызметкерлер сияқты Асан да пандемияның артта қалып, облысымыз қалыпты өміріне қайтқанын армандайды. СҚО ПД басшысы  Марат Төлебаевтың өкімі бойынша обаға қарсы костюм жиынтықтары жұқтыру барынша жоғары қызметкерлер арасында бөлінеді. Облыстағы 44 блок-бекетте қызмет атқарып жүрген 250–ден астам полиция қызметкерлерін жабдықтау жуық арада аяқталады. Петропавлда бүгінгі күні провизорлық орталықты күзететіндер, қылмыс жасау орындарына шығатын жедел тергеу топтары мен криминалист-полицейлер арнайы костюмдер алды. Тергеу бөліністерінің қызметкерлеріне тергеу изоляторында жұмыс істеу үшін арнайы костюмдер бөлінді.

«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевпен мақұлданған қорғаныс жиынтықтарының бірыңғай дизайны ойластырылған және ыңғайлығымен ерекшеленеді», – дейді Марат Төлебаев. – Полицейлердің денсаулығын қорғау мәселесі ерекше бақылауда тұр. Қорғаныс шараларын жүргізумен қатар диагностика жасау жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні 400 адам тексерілді – бұл облыстық полиция жеке құрамының 16%. Жұқтырудың бірде бір фактісі тіркелмеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру