Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемесі қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Қызылорда облысының ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесі өз ардагерлерімен бірге «Біз біргеміз» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, – депхабарлайды Polisia.kz. 

Акцияның басты мақсаты тұрмысы төмен, көп балалы отбасыға көмек көрсету болатын.
Қаламыздың шалғай елді мекенінде тұратын бұл шаңырақ иелеріне, көп реттік пайдалынатын маска мен азық –түлік жеткізіліп берілді. Еліміздегі короновирустық инфекцияның жұғу қаупі жоғары кезеңде, отбасы мүшелері үшін көп реттік масканың артық болмасы анық. Көп балалы жанұя ретінде азық-түлік жетімсіздігі тапшылығын көрмеу үшін жасалынған жақсылыққа олар разы болып, алғысын айтты.
Осылайша, қайырымдылық акциясына атсалысқан ізгі жандар, мұқтаждыққа зәру аналарға қолдау көрсетіп, бүлдіршіндерге қуаныш силады.ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелер тарапынан бұндай игі істер алдағы уақыттарда да, ұйымдастырылып, жалғасын таба береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру