Ардагерлердің тарихи ерлігін еске алу шарасы ұйымдастырылды
Ұлы Жеңістің 75 жылдағы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы ОВ-156/17 түзету мекемесінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, олардың тарихи ерлігін еске алу шарасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы іс-шарада батыр ардагерлер жайлы жан-жақты мағлұмат айтылды.
Ардагерлердің қанкешті соғыста көрсеткен жанкешті ерлігі-бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін үлкен рухани мұра. Осындай шаралар – сол аманатты жас ұрпақтың санасына сіңірудің ұтымды жолы болып табылады.
«Өткенді еске алмай, үлкен буынның қаһармандығына құрмет көрсетпей болашақ құру мүмкін емес. Жеңіс күні-ерекше мағынаға толы мереке. Бұл майдан даласында қаза болған ұландар жайлы естелік. Бұл біздің тарихымыз, біздің қасіретіміз. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. біз Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлеріне танытқан ерліктері үшін қарыздармыз. Қазіргі және келер ұрпақтың міндеті. Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи естелікті сақтау болып табылады. Біз бейбітшілік заман жолында өз өмірлерін құрбан еткен ата-әжелеріміздің ерлігі ұмытуға қақымыз жоқ. Бізге өмір сүруге, балаларымызды бейбіт заманда тәрбиелеуге мүмкіндік берген ата-бабаларымызға, ризашылығымыз шексіз. Балаларды, өскелен ұрпақты ата-бабаларымыздың батырлығын, ұлы мақсат үшін ерліктері мен өзін-өзі құрбан етуге дайын болуын үлгі етіп, отансүйгіштік пен патриотизм сезімдерін қалыптастырып тәрбиелеуіміз керек», – дейді мекеме басшысы Нұрлан Сагандыков.
«Слямғазы Токтыбаев 1924 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. 1942 жылы Омск қаласында арнайы даярлық курсын тәмәмдап, майданға аттанған. Менің естуімше, атам атқыштар батальонының құрамында Берлин қаласына азаттықпен кіргендердің бірі болған. Майдан алаңында 1942 жылы атқыштар батальонында және соғыстын аяғына дейін сапер батальонында жауынгерлік борышын атқарған. 1942 жылы майдан алаңында бірінші рет оқ басына тиіп жарақат алған, екінші рет бір аяғының өкшесінен айырылған. Ұлы Отан соғысының 2 дәрежелі орден иегері»-деді атасы жайлы В.Токтыбаева.
«Муташ Қайдаров 1923 жылы, Семей өңірі Жарма ауданында дүниеге келген. Курск майданына қатысқан. 1943 жылы оң жақ жаңбасынан және сол қолымен жарақат алып, Ашхабад қалалық госпитальінде комиссия шешімі нәтижесінде 2-топ мүгедегі болып, елге оралды. Шынымды айтсам, бала кезімде атам соғыс туралы көп айтпайтын. Өсе келе атама сол сұрапыл шайқастарды еске алу оңай болмағандығын ұғындым», – деді өз атасы жайлы А.Сабиева.
«Ещанов Капас 1919 жылы Семей өңірі Жарма ауданында дүниеге келген. 1941 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, соғысқа аттанған.Батыс Украина майданында аяғынан жараланып, біраз уақыт госпитальде емделген. «Освобождения Украины» медальімен марапатталған. Талай шайқасқа қатысып ерлігі үшін «Орден Победы» медальмен марапатталған. Жеңіске 1945 жылы жетіп, соғыс бітседе 1945-1947 жылдары Карпат тауларында қашып-тығылып жүрген жаулармен шайқасқан. 1947 жылы аман-есен еліне оралып. Темір жол саласында еңбек атқарған», – деді мекеме қызметкері Д.Жукубаева.
«Біз батырлар ұрпағымыз» деп ұрандатып, қызметтеріне адал болу алдыңғы аталарының алдындағы борышы екені анық.