Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері көпбалалы, аз қамтылған отбасыларына көмектесіп, қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері жауапкершілігі мол жұмыстарынан уақыт тауып, әрдайым көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасап тұрады​​​​Осы игі шараны жалғастырған мақтааралдық полицейлер бір қой сойып, оны үш бөлікке бөліп, жанына бірінші кезекте қажетті азықтүлік заттарын қосып, жағдайы төмен үш отбасыға үлестіріп берді.

​​​​Одан бөлек Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының қолдауымен, «Біз біргеміз» акциясы аясында Түлкібас АПБнің қызметкерлері бес аз қамтылған және атаанасынан айырылған отбасыларға азық-түліктер таратып қана қоймайқаражат жинап беріп, жәрдем етті.

Осылайша, полицейлер тарапынан қасиетті Ораза айында ізгі амалдар жалғасып жатыр. Жәрдемге ие болған аналар полицейлерге ризашылықтарын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Ал, полицейлер болса: «Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермекКішкене де болса, қамқорлыққа мұқтаж жандарға септігіміз тисе қуанамыз», – деп атап өтті өз сөздерінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру