Полицейдің жесірі күйеуінің ерлігі үшін алғыс естіді
Жамбыл облысының Полиция департаменті Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 75 жылдығына орай ІІО және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің жесірлеріне азаматтарының батылдығы мен борышына адалдығы үшін алғыс білдіріп, құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мереке қарсаңында әріптестер 2005 жылы қауіпті қылмыскер жасаған атыс қаруынан қаза тапқан 1-ПБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Жандос Бекдаировты еске алды.
Облыстық Полиция департаментінің атынан Тараз қаласының Полиция басқармасы басшысының орынбасары Семейхан Сексенбаев қаза тапқан полицейдің жесірі Шолпан Жапарқұлова жұмыс істейтін Жамбыл облыстық перинаталдық орталығына келді.
Ол Шолпан Жапарқұлованы мерекемен құттықтап, облыстық Полиция департаменті басшысының атынан алғыс хат, азық-түлік себетін табыс етіп, материалдық көмек көрсетті.