Полиция психологтары жас отбасыларға көмектесіп жатыр
Алматы полициясында жеке құрамға психологиялық қолдау көрсететін және ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларындағы моральдық ахуалды қадағалайтын полиция психологтары қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Отбасы құндылықтары – бұл сүйіспеншілік, өзара түсіністік, сыйластық, ата-ананы құрметтеу, мейірімділік пен өзара көмек, жақын адамдарға деген жауапкершілік екенін әрбір адам біледі. Мұның бәрі – қоғамның жасушасы салынған негіз, сонымен қатар оның берік болуының кепілі. Полиция бөлімінің инспектор – психологтарының міндеттерінің бірі полиция қызметкерлері арасында жоғарыда аталған қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Мұны тек кәсіби тұрғыдан ғана емес, ана, әке, жұбай, қыз немесе ұл, отбасы ошағын сақтаушы рөлінде де табысты болып жүрген психолог жасай алады. Біздің психологтар басқаларға өздерімен және отбасында үйлесімділік табуға, махаббат, мейірімділік, адалдық, сыйластық және өзара түсіністік негізінде қарым-қатынас орнатуға көмектеседі», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.
Бұған, айқын мысал – Алматы қалалық ПД Кадр саясаты басқармасының аға инспекторы – психолог, Гаухар Бекмұратова. Ол полицияда 11 жыл қызмет етеді. Ауыр жүктеме және тұрақты емес жұмыс кестесі Гаухардың сүйікті ана, әйел және қыз болуына кедергі болмайды. Ол және оның күйеуі – әскери қызметкер, үш ұл тәрбиелеп отыр, олардың үлкені сегіз жаста, кішісі 2,5 жаста. Сонымен қатар, Гауһар күйеуінің ата-анасына да қамқорлық жасап үлгереді.