Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаза болған өрт сөндірушілердің ескерткішіне гүл қойылды

Өрт кезінде қаза тапқандарды еске алу мақсатында Алматы өрт сөндірушілеріне арналған мүсінге гүл қою рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 мамырда эпидемиологиялық жағдайға байланысты, гүл шоқтарын қою өрт сөндіру бөлімі қарауылдарының форматы түрінде жүргізілді.

Мүсін 2009 жылы Алматы қаласының ТЖД «ӨС және АҚЖ» ММ № 14 өрт сөндіру бөлімінің аумағында салынған.

Рәсімге Алматы қаласы ТЖД басшысы Серік Әубәкіровтің басшылығымен өрт сөндіру қызметінің
барлық офицерлері, қатардағы құрамы және ардагерлер қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 1989 жылғы 20 мамырда Алматыда болды. «Алматы-2» темір жол вокзалының кіреберіс жолдарында екі маневрлік локомотивтер соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан газ толтырылған алты цистернаның біреуі зақымданып, нәтижесінде өрт пайда болған. Жалындаған өрт екінші цистернаны қыздырды. Қатты қызу салдарынан жойқын газ жарылысы болды. Үш жүз метрге көтерілген өрт маңайындағыларды толықтай жауып тастады.

Өрт сөндірушілер өздерінің батырлығы мен қайсарлықтарының арқасында қайталанбайтын шығындарға қарамастан, газ толтырылған төрт цистернаны қауіпсіз жерге апарып, оқиға орын алған жерге жақын орналасқан үй-жайларды және тұрғындардың өмірін сақтап қалды.

Оқиға салдарынан тоғыз өрт сөндіруші алған күйіктердің нәтижесінде қайтыс болды. Олар
өздерінің кәсіби міндеттерін мүлтіксіз орындады.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен батырларға өрт сөндіру кезіндегі жанқиярлық әрекеттері, батылдық пен ержүректіліктері үшін қайтыс болғаннан кейін

И.Ф. Сафарғалиев, Р.С.Қасымов, С.К.Әлімтаев, И.А. Абдранов, Ф.А. Шәріпов, К. Аккулов, Е.К.Ысқақов, В.В. Никуленко және М.И. Маликовке«Қызыл Жұлдыз» ордені  берілді.

Олардың жасаған ерліктері Алматы гарнизонының өрт сөндіру-құтқарушылары үшін мәңгілік қызмет көрсету үлгісі болып қала береді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру