Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция департаментінің басшылығы ІІО-ның еңбек сіңірген ардагерін құттықтады

Алматы облысының полицейлері ІІО-ның еңбек сіңірген ардагері – Кемал Тлеубаевты құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кемал Тлеубаев – нағыз маман және тәлімгер. Ол өзінің барлық саналы өмірін өз отандастарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ішкі істер органдарына арнаған азамат.


Кемал Коскемпирович 1950 жылы 22 мамырда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін, 1968 жылы Кеңес Әскерінің қатарына шақырылған. Қызметі қатал өлкеде – Солтүстік флотта, су астында өткен. Қызметін аяқтағаннан кейін ол М. Е. Есболатов атындағы Алматы арнайы орта мектебіне оқуға түседі. Оны тәмамдағаннан кейін Алматы қаласының ІІБ-не қылмыстық іздестіру инспекторы болып тағайындалады.

Мақсаты айқын, үлкен кәсіби жоспарларға ие жас азамат одан әрі КСРО ІІМ КЖМ-ге сырттай оқуға түсіп, оны табысты аяқтайды. Алматы қаласы ІІБ Октябрь ауданының қылмыстық іздестіру бөлімінің аға инспекторы, Алматы қаласы ІІБ-де 2-бөлімнің ерекше істер жөніндегі аға жедел уәкілі болып қызмет атқарады. Тәжірибелі қызметкерді МТК іздестіру бөлімінің басшысы, ҚР ІІМ ҚІББ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі етіп тағайындайды. Білікті кадрлар әрдайым және барлық жерде сұранысқа ие, сол себепті де біраз уақыт өткеннен кейін Кемал Тлеубаев Алматы облысы ІІБ ҚІБ бастығының орынбасары лауазымына ауыстырылады. Осы лауазымында 2000 жылы ол құрметті еңбек демалысына шықты.

Бірақ үлкен жүректі Кемал Коскемпирович ешқашан іссіз, қол қусырып отырған жоқ – ол өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен қоғамдық жұмыстарға еш аянбастан күш-жігерін салып келеді. Өзінің лайықты ізбасарларын өсірген қамқор әке, қазіргі таңда немере тәрбиесімен айналысып келеді. Оның екі қызы да әке жолын қуып, ҚР ІІМ жүйесінде қызмет етеді.


Қазақстанның ІІМ жүйесінде қызмет еткен уақыты ішінде ол КСРО ІІМ ЖТТ-мен бірлесіп Солтүстік Осетия, Таулы Қарабахтағы бітімгершілік миссияларға қатысқан. «ҚР ІІМ-нің құрметті ардагері» төс белгісімен, көптеген арнайы наградалармен марапатталған, оның ішінде «Қылмыстық іздестіруге 100 жыл» медалі да бар. Сонымен қатар, оған «ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілген.


Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Кемал Коскемпировичті 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, ардагерге зор денсаулық, ұзақ жемісті ғұмыр тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру