Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

6 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Ақтөбеде алты жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 мамыр күні ақтөбелік полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қымбат автокөліктерді ұрлағаны үшін алты жыл бойы іздеуде жүрген 39 жастағы Ақтөбе тұрғынын ұстады.

Ұсталғаннан кейін ер адам Ақтөбе қаласының тергеу изоляторына қамалды, ұрлық фактілері бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс материалдарына сәйкес, 2013 жылдың 26 қазанында аталған ер адам Ресейдің екі азаматымен бірге “Тойота Лэнд-крузер-200″ маркалы көлігін 11 шағын аудандағы күзетілетін автотұрақтан айдап кеткен.

Күдіктілер ұрланған автокөліктен РФ-ға шығуға тырысты. Алайда, Қарғалы ауданында көлік тоқтатылып, Ресейдің екі азаматы оқиға орнында ұсталды, ал Ақтөбе қаласының үшінші тұрғыны оқиға орнынан қашып үлгерген. Содан кейін ер адамға іздеу жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру