Қауіпсіздігі жоғары мекеменің қызметкерлері донор болды
Шығыс Қазақстан облысының қауіпсіздігі жоғары мекемесінің қызметкерлері Семей қаласы қан орталығы медициналық мекемесінің мұқтаждығына байланысты қан тапсырды және олар іс-шара аяқталғанға дейін білікті мамандардың бақылауында болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚАЖ қызметкерлері қанды мұқтаж науқастарға көмектесуге шешім қабылдады. Карантин кезінде тұрақты донорлар қан тапсыруды тоқтатқан. Донор болуғаеріктілерден барлығы сегіз қызметкер шықты. Тағы 20 адам қан тапсыруды жоспарлап отыр.
– Біз мекеменің жеке құрамы арасында донорлық қан қажеттілігі бойынша қалыптасқан жағдай туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Вирустық инфекцияның таралуына қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке құрамды үш топқа бөлдік. Бүгін 2-топтағы резус-факторы «+» қанының бірінші шағын тобы тапсырды. Егер өз ісімізбен қан тапшылығы мәселесін шешуге көмектессек, біз өте қуаныштымыз, – дейді ОВ-156/14 мекемесінің басшысы Ахмеджанов Самат.
– Барлық донорлардың каны нормаларға сәйкес келе бермейді, ал бүгінгі қан тапсыруға келген барлық қызметкерлер донор бола алды. Әдетте бұлай бола бермейді, біз көмектескісі келетіндерге өте ризамыз, – дейді жас дәрігер-терапевт Айдана Муратова.