Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бейнебақылау жүйесі қалай орнатылғандығы туралы полицияда айтты

Алматыдағы бейнебақылау жүйесі қалай орнатылғандығы туралы полицияда айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаладағы өндірістік жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті сақтауды, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын-алу және ашу мақсатында Алматы қаласы 120 мың бейнебақылау камерасының мүмкіндіктерін пайдаланады. ПД Жедел басқару орталығында бейнебақылау жүйесі қолданылады, оның құрамына 156 бейнекамералар кіреді, олардың кескіні Жедел басқару орталығының залында көрсетіледі.

– қаланың әртүрлі нысандарына 1 мың 791 камера;
– Универсиада – 2017 нысандарында 1 мың 173 бейнекамера;
– «БДД» ААЖ жобасы бойынша 105 пост пайдалануға берілді, оның ішінде 694 – бейнекамера, оның 415 – тану камералары, 279 – көру бейнекамералары;
– метрода полиция ғимаратына шығатын 348 бейнебақылау камерасы;
– білім беру нысандарында 3 мың 962 бейнебақылау камералары, оның ішінде 205 мектепте – 2 мың 657, 21 мемлекеттік колледжде 632 және 49 жекеменшік колледжде 673;
– перзентханаларда 143 камера;
– «Қауіпсіз аула» қағидаты бойынша көп пәтерлі үйлерде 45 мың 994 бейнекамералар, жеке сектор көшелерінің қиылыстарында 8 мың 646, жеке тұрғын үйлердің аулаларында 30 мың 154 бейнекамералар;
– қалада әртүрлі меншік нысанындағы 6 мың 682 нысанда 35 мың 892 камера орнатылды.


Бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 2 мың 492 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру