Полиция бекеттерінің құрылуы – қаладағы қылмыс санын азайтты
Алматыда стационарлық полиция бекеттері қаладағы қылмыстық жағдайды жақсартуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық жағдайды жақсарту үшін полицейлер қала әкімдігімен бірлесіп, әр ауданда қылмыстық және құқық бұзушылық орындарды анықтады. Былтыр қазан айынан бастап 2020 жылдың қаңтары аралығында 41 полиция бекеті құрылды, олардың төртеуі туристік полицияға, 37-сі қылмыстық аумақтарға арналған.
– Бір күнде посттарға 111 полиция қызметкері тартылады. Биыл алғашқы төрт айда төрт мыңнан астам тұрғын стационарлық полиция посттарына жүгінді. 1 167 өтініш қанағаттандырылды, бесеуі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, 1 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды, 2 мыңға жуық адам құқықтық көмек пен кеңес алды. Айта кету керек, қылмыстық аудандарда посттар орнатылғаннан кейін қылмыстарды тіркеу 18% -ға азайды, ал олардың ізін суытпай ашу 11,8% -ға жақсарды, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.