Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жанармай таситын жүк көлігі мен жеңіл автокөліктер соқтығысты

Түркістан облысында жанармай таситын жүк көлігі мен жеңіл автокөліктер соқтығысып, жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін интернет желісінде бірнеше автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде бейнежазба пайда болды.

Тексеру барысында жол-көлік оқиғасы 27 мамыр шамамен сағат 13.00-де Түркістан қаласында Шымкент-Самара тас жолында орын алғаны анықталды.

«Донгфенг» автокөлігінің жүргізушісі Шымкент қаласынан Қызылорда қаласына бара жатқан жол қиылысының бірінде қарама-қарсы бағытта келе жатқан Газ-53 «Бензовоз» автокөлігімен соқтығысқан.

Соққы нәтижесінде «Газ 53» автокөлігі жол қиылысында тұрған «Дэу Джентра» және «Ауди 100» автокөліктеріне соғылып, аударылған. Автокөліктерге материалдық шығын келтірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Аталған жайт бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабымен (көлік құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру