Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе өңірінде велосипед ұрлаушылардың саны күрт өскен

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында велосипед ұрлаудың 36 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Негізінен, қылмыскерлер түнгі уақытта, пәтер иелері болмаған кезде, сондай-ақ, егер сақтық шараларын қолданбай, бейберекет, иелерінің бақылауынсыз қалдырылса, велосипедтерді ұрлайды. Велосипедтер көпқабатты және жеке үйлердің аулаларынан, сарайлардан, сондай-ақ кіреберістерден ұрланады. Бейнебақылау камералары болмаған жағдайда қылмыскерлерді табу және ұрланған заттарды қайтару өте қиын.

22 мамыр күні Ерназаров көшесіндегі үйдің ауласынан 41 жастағы ақтөбелікке тиесілі “Мерседес” және “Барс” маркалы екі велосипед ұрланды. Шығын 48 мың теңгені құрады.

24 мамыр күні белгісіз адам “Тринкс” маркалы спорттық велосипедін Абай даңғылындағы үйдің 2-қабатындағы баспалдақ алаңынан ұрлап кеткен. Шығын 80 мың теңгені құрады.

Сол күні белгісіз біреулер құны 30 мың теңге тұратын велосипедті ұрлап кеткен.

Жыл басынан бері өңірде велосипед ұрлаудың 36 фактісі тіркелді, оның ішінде полиция қызметкерлері 21 факті ашып, өткен жылдардағы тоғыз қылмыс фактісін ашты.

Жазғы маусымның басталуына байланысты қаскүнемдердің оңай олжалайтын велосипедтерді ұрлау ықтималдығы артады. Осыған байланысты полицейлер ақтөбеліктерге сақ болуға және аулаларда, баспалдақ алаңдарында велосипедтерді қараусыз қалдырмауға ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру