Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Терезеден кірген ұры қомақты қаражатты алып кеткен

26 мамыр күні белгісіз адамдар «Учитель» бау-бақша ұжымында орналасқан үйдің пластик терезесінен кіріп, 1980 жылы туған ақтөбеліктің үйінен ірі ақша мен құнды бұйымдарды ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атап айтқанда, 2 млн 150 мың теңге көлемінде ақша, сондай-ақ алтын бұйымдар (тізбек, сырға, крест, айналма сақиналар – екі дана) және күміс бұйымдар (сырға, сақина, кулон, білезік) және т.б. жалпы шығын 2,5 млн теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

23-25 мамыр күндері 12-ықшам ауданында пәтерде ұрлық болды. Белгісіз адамдар кіре беріс есігінің кілттерін таңдау арқылы пәтерге кіріп, 1983 жылғы пәтер иесінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. 585 сынамалы алтын сырға, 583 сынамалы сырға – екі дана, 585 сынамалы орама сақинасы ұрланған. Шығын 120 мың теңгені құрады.

Екі факті бойынша күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, бейнебақылау камералары болса, қылмыскерлерді тез табуға болады. Жақында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының №4 орта мектебінің кітапханасында болған ұрлық қылмысын ашты.

23 мамыр күні белгісіз біреулер жасырын түрде кітапханашының сөмкесін ұрлап кеткен. Ювеналдық полиция инспекторлары жүргізген тергеу және бейнебақылау камераларын тексеру нәтижесінде 2003 жылғы кәмелетке толмаған күдіктіні ұстады. Ұрланған заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлерімен пәтер мен үйлерден ақша мен құнды заттарды ұрлау фактілері жақын күндері тіркелген. Ұрлықтың алдын алу мақсатында пластикалық терезелерге торлар орнату, үйлер мен пәтерлерде сигнал орнату, бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау ұсынылады, ал ақша қаражаты мен бағалы заттарды қауіпсіз жерлерде сақтау қажет.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру