Көлік полицейлері үйлері өртенген отбасының балаларын қуантты
Мереке карсаңындағы көмек – сәуір айында үйлері өртеніп, баспанасыз қалған төрт баланың анасы Меруерт Абдикаримованың отбасына арналды.
– Бір отбасының үйлері өртеніп, баспанасыз қалғанын естідік. Бұл қиын жағдай. Ең бастысы, балалар аман. Бүгін осы отбасыға аз да болсын көмек көрсетіп, қолдау білдіргіміз келді. Балалардың қуанышын көруден асқан бақыт жоқ. Балаларымыз әркез аман болсын, – дейді департаменттің тергеу басқармасы кызметкері Руслан Есалин.
– Біздің жағдаймызды ешкімнің басына салмасын. Үйіміздің түгі қалмады. Киім-кешек, жиһаз, ыдыс-аяқ түгелдей жанды. Бүгін жасаған көмектеріңіз біз үшін үлкен сый болды. Көп рақмет. Әсіресе, балаларым ерекше қуанды. Мұндай құттықтау күтпедік. Жұмыстарыңызға табыс тілейміз, еңбектеріңіз жана берсін, – дейді көпбалалы ана.
– Балалық – адам өміріндегі ең алаңсыз, бақытты шақ. Сондықтан, біздер, балаларға есте қаларлық мерекелік конил куй сылауды максат еттік, – дейді тәртіп сақшылары.