Тәжікстан азаматы есірткінің үлкен партиясымен ұсталды
Алматы қаласында Тәжікстан азаматы есірткі сату кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел ақпаратқа сәйкес, «героин» сатқан 46 жастағы К. есімді ер адам жедел топтардың көзіне түсті. Ол, келесі дозаны сатқан кезде қолға түсті. Нақты жоспарланған іс-шарада полиция қызметкерлері сыртқа шығып, ірі дилерді ұстап алды.
– «Айнабұлақ» ықшам ауданында жерлестерімен бірге тұратын 49 жастағы Тәжікстан азаматы негізгі жеткізуші болды. Ол өзінің «жолдасының өнімдерін» жеткізуші екендігі анықталды, ал, К.Мырза «тауарларды» дозада және граммен буып, сатқан. Күдіктіні «Лада» көлігінде ұстаған кезде, орындықтың астынан кесектер түрінде қоңырқай түсті зат салынған пластик байлам табылды. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, жинақталған заттың жалпы салмағы 109,06 грамм болатын «героин» екені анықталды. Содан кейін Тәжікстан азаматы Х.мырза ұсталды, оның пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 24,64 грамм болатын тағы екі пакетті тапты. Күдіктілер Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы (заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын көп мөлшерде сату немесе өткізу) бойынша заң алдында жауап береді. Сондай-ақ бұл үйде көші-қон заңнамасын өрескел бұзған тағы үш Тәжікстан азаматы тұрды. Көші-қон қызметі арқылы олар үшін қазірдің өзінде шаралар қабылданды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетов.
Сотталушылар қамауға алынды. Жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.