Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балаларға – бақытты балалық шақ! – Алматы қаласы Әуезов ауданының полициясы көпбалалы отбасылардың балаларын мерекемен құттықтады

Балаларды қорғау күніне орайластырылған «Жақсылық барлығына қолжетімді» науқаны аясында Әуезов аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері ауданның көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Біздің басқарманың әр қызметкері осы шараны ұйымдастыруға қуана қатысты. Балаларға ойыншықтар, шығармашылық дамуға арналған жиынтықтар, тәттілер мен тағамдар ұсынылды. Балалардың жүздерінен шынайы эмоциялар мен күлкілерді көру өте жақсы болды. Біз мұндай іс-шараларды жыл сайын, тек мереке күндерінде ғана өткізбейміз, өйткені балалар біздің болашағымыз және олар үшін не болатыны бізге үлкендерге байланысты! Осы керемет мерекеде әр балаға мықты, қамқор отбасы және бақытты балалық шақ үшін барлық нәрсені тілеймін. Ғаламшардың әр баласы сау, бақытты және уайымсыз болсын. Ал, ата-аналар балаларына жоғары адамгершілік қасиеттер мен патриотизм сезімдерін оята алады, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру