Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер көпбалалы отбасымен кездесті

1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай Атырау полицейлері бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің қызметкерлері атаулы мереке күні қаладағы Құспан-Молла мешітінде көпбалалы үш отбасымен кездесу өткізді.

Департамент басшысының орынбасары Б.Кушқалиев полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың атынан балаларды мерекелерімен құттықтап,  елдің ертеңгі үлгі тұтар азаматы болуларына тіледі.

- Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі, - дегендей, балақайлар полиция қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қорғаушысы болумен қатар, қайырымды, қамқоршы ретінде де танығаны абзал, - дейді тәртіп сақшылары.

Кездесу барысында полицейлер балаларға түрлі тәттілер мен ойыншықтарды таратып, естелік суретке түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру