Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ қызметкерлері сәбилер үйіне барды

Қызылорда облысы ЗК-169/5 мекеме басшысының орынбасары Жалғасбай Есмаханов, кадр саясаты тобының аға инспекторы Гүлмира Алтынбек «Сәбилер үйіне» барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балаларды қорғау мерекесіне орай, мекеме ұжымының атынан балаларға сыйлықтар табыстаkды. Бұл мекемеде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ақыл-ойының дамуында ақаулықтар кездесетін 1-4 жас аралығындағы 50 бала тәрбиеленеді.

– Біз қарантин талаптарын сақтап, сәбилер үйіндегі балаларға ақыл-ойын дамытатын құрастырғыш және алғаш қадам басқан бүлдіршіндерге жылдам жүруге арналған ойыншықтар, жаялықтар, сурет дәптері мен бояғыш құралдар, ермексаз, доп, тіл дамытатын кітаптар тарту еттік. 100 жылдық тарихы бар мекемеге ҚАЖ қызметкерлерінің тартқан тартулары
сәбилердің көңіл күйлерін көтеріп, жүздеріне қуаныш сыйлады, – дейді ЗК-169/5 мекеме басшысының орынбасары Жалғасбай Есмаханов.

Облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің бас дәрігері Гүлсім Естайқызы мекеме басшысы Тасболат Шакенұлына және ұжым қызметкерлеріне сый-сияпаттары үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру