Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер “Ана Үйі” балаларына сыйлық тарту етті

Қызылорда полицейлері қамқорлыққа алған “Ана Үйі” мекемесінің бүлдіршіндерін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Полиция департаменті мен Қызылорда қалалық Полициz басқармасының қызметкерлері “Жан” қоғамдық қорымен бірлесіп, сегіз жылдан бері қамқорлыққа алынған “Аналар үйі” дағдарыс орталығына барып балаларды құттықтады.

Балаларға “Ертегілер әлеміне саяхат” атты ұмытылмас мерекелік концерт ұйымдастырды. Шара аясында тәртіп сақшылары балаларға түрлі ойыншықтар мен қажетті тұрмыстық техника сыйлады.

Жас аналар қолдау көрсеткен тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру