Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындар «жазаларды орындауға» қатысты сұрақтарына жауап алды

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Алмас Шамишев, «Skype» байланысы арқылы бірқатар тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғашқы болып, байланысқа шыққан тұрғындардың «Рақымшылық ету туралы заң қолданысы жөніндегі» жолдаған сауалына департамент бастығы А. Шамишев, «Рақымшылық туралы заң жобасының қолданысқа енгізілмегендігі және алдағы уақытта қолданысқа енген жағдайда, пробация инспекторы бұл туралы қосымша хабардар ететіндігі, сондай-ақ, осы заң жобасы аталған тұрғынға қатысты болған жағдайда, сот органдарына іс қағаздар жолданатынын айтты.


Бұдан кейін хабарласқан, есепте тұрған сотталған «пробация қызметі тарапынан жұмыс орны бойынша жүргізілетін тексеру жұмыстарының жеке басына ыңғайсыздық тудыратынын» айтып, осы мәселенің басқаша шешу жағын қарастыруды сұрады.

Бұл бойынша департамент бастығы А. Шамишев: – Пробация қызметінің жұмысын реттейтін нұсқаулықта-сотталғанның тұрғылықты мекен-жайы және жұмыс орны бойынша тексеру жұмыстары қарастырылған, соған сәйкес бұл жұмыстар заң аясында атқарылады, – деді.

Осыған қоса, пробация қызметінің тексерісі кезінде сотталғандар «тұрғылықты және жұмыс орны бойынша болу кестесін сақтап, бұзбаған болса» бұл олардың алдағы уақытта жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына әкелетіні түсіндірілді.


Сонымен қатар, ҚАЖ департаментінің бастығы А. Шамишевтің қабылдауына арнайы келген сотталғанның әкесі КА-168/1 мекемесінде баласына қатысты тергеу ісі аяқталып, сот шешімімен жаза өтеу мерзімі кесілгендігін және баласымен кездескісі келетінін айтты.

А.Шамишев карантин жағдайына байланысты, қазіргі уақытта түзеу мекемелерінде сотталғандардың туыстарымен «Skype» арқылы онлайн байланыстар жүргізіліп жатыр екенін айтып, сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бойынша бөліміне аталған тұрғынды жазасын өтеуші баласымен онлайн байланысқа шығару туралы тапсырма берді.


Бұдан басқа, тұрғындарды қабылдауға арналған шара кезінде, Қылмыстық-атқару жүйесіне органына жұмысқа орналасу туралы өтініштерімен келген тұрғындар да болды. Департамент бастығы бұл орайда, ҚАЖ органына жұмысқа орналасу тәртібін түсіндіріп, департаменттің кадр саясаты бөліміне нақты тапсырмаларды берді.


Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «Skype» байланысы арқылы тұрғындарды қабылдау шарасы алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру