Балаларын құтқармақ болған әке суға батып кетті
Солтүстік Қазақстан облысында суға батып бара жатқан қызы мен ұлын құтқармақ болған әке суға кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 маусым күні сағат 19.30-да Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсрепов атындағы ауданның Ефимовка селосынан жарты шақырым демалу кезінде Есіл өзеніндегі рұқсат етілмеген жерде, әулеттің отағасы, 1983 жылы туған ер адам өзінің батып бара жатқан 10 және 12 жастағы ұлы мен қызын құтқарды.
Сол күні сол жерде ТЖ бөлімінің, өрт сөндіру бөлімінің, полиция және жергілікті тұрғындардың күшімен ТЖ орнында іздеу жұмыстары ұйымдастырылды. Қаза тапқан адамның мәйіті ағыс бойынша 30 метр төмен жерде, СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы сүңгуірлерінің күшімен 8 маусым сағат 10: 20-да судан шығарылды.
Қайғылы оқиғаға душар болған ерлі-зайыпты екі баласымен Есіл өзеніндегі ресми жағажайдан 300 метр қашықтықта орналасқан Новоишим селосынан демалуға келген.
Қазіргі уақытта СҚО аумағында үш оқиға тіркелген – бір адам балық аулау кезінде, бір адам – шомылу кезінде және бір адам – құтқару кезінде қаза тапты.
Құрметті облыс тұрғындары, Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті, шомылу кезіндегі қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін сіздерге ұсынады:
– жабдықталмаған су қоймаларында шомылмаңыз;
– балалардың ересектерсіз шомылуына жол бермеңіз;
– мас күйде шомылмаңыз;
– арнайы белгіленген жерден асып жүзбеңіз;
– тексерілмеген орындарда сүңгімеңіз;
– жалған дабыл айқайларын бермеңіз.
Егер осы қарапайым ережелерді сақтасаңыз, онда сіздің демалысыңыз ойдағыдай өтеді.