Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда Армениядан әкелінген 135 көлік тіркелді

Бірінші аптада, яғни 1-7 маусым аралығында Маңғыстау облысында 135 армениялық автокөлік тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, Маңғыстауда 1 маусымнан бастап полицейлер армян нөмірлері бар сол жақтан басқаратын автокөліктерді тіркей бастады. Бұл күзге дейін жалғасады. Бұл ретте уақытша есепке Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктерді ғана қоюға болады.

Бірінші аптада, яғни 1-7 маусым аралығында өңірде 135 автокөлік тіркелген. Сенбі және жексенбі күндері мамандандырылған ХҚКО ғимаратында Полиция департаментінің ӘПБ қызметкерлері осындай автокөліктерді тіркеуді жалғастырды.

Сонымен қатар, тұрғындардан сұрақтар Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларына түсіп, оларға жауаптар берілді.

Облыс орталығынан шалғай орналасқан ауданның бір тұрғыны да өзінің демалыс күнін пайдаланып, автомобильді қазақстандық есепке қоюды шешті.

– Мен «армяндарды» біздің есепке қоюға болатынын айтқан кезде қуанып қалдым. Міне, бүгін келіп, еш қиындықсыз темір тұлпарымды тіркедім.

Өңірлік ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жеңіс Дадаев атап өткендей, 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстанға әкелінген және Арменияда біздің азаматтарымызға тіркелген руль сол жақты орналасқан автомобильдер тіркеуге жатады. Рәсімдеу құны 11 946 теңгені құрайды, оған тіркеу үшін төлем, техпаспорт және мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баж кіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру