Е.Тұрғымбаев: полиция жұмысы ашық және айқын
Есептік кездесу барысында ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев полиция жұмысының ашықтығы мен айқындығын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы мақсатта бірқатар жаңа өзгерістер қабылданды:
- Азаматтарды қабылдау тәртібі қайта қаралды – енді облыстық департаменттер, ҚІІБ, АІІБ басшылары апта сайын азаматтарды қабылдайды.
- Азаматтардың көп бөлігін өтініштері бойынша орталық аппарат тұрақты негізде қабылдайды. 2019 жылы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 326 адамды, Министрдің орынбасарлары – 309 адамды қабылдады. Ағымдағы жылы бұл сандар тиісінше 111 және 87.
- «Азаматтар үшін қабылдау» жобасы табысты басталды. Қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде 251 қабылдау бөлмесі ашылды.
- «Еститін мемлекет» концепциясы шеңберінде және полицияның халықпен өзара тиімді байланысын жақсарту үшін «Жолда қабылдау» акциясы үнемі өткізіледі.
- Тұрғындармен тиімді байланыс орнатуға полиция органдары басшыларының және учаскелік инспекторлардың халықпен есептік кездесулері ықпал етеді. Осы кездесулер барысында ағымдағы жылы азаматтардан нақты елді мекендерде полиция жұмысын жақсартуға бағытталған 1000-ға жуық ұсыныс келіп түсті. Ұсыныстардың көпшілігі қазірдің өзінде іске асырылды.