Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде телефон «терристі» ұсталды

Өтірік ақпарат таратып, қоңырау шалған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 маусым сағат 16.31-де Ақтөбе қаласының ПБ «102» телефонына белгісіз ер адамнан Гришин көшесіндегі шағын отбасылық жатақхана бөлмелерінің бірінде бомба салынғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы және шұғыл қызметтер жіберілді. Жатақхананы жан-жағынан қоршап, саперлер көрсетілген бөлмені тексерді, алайда жарылыс қаупі бар зат табылмады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бұрын сотталған, сол үйдің 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Анықталғандай, ол алкогольдік масаң күйде болған. Оның айтуынша, бұл ақпаратты полиция тәртіп сақшыларының жұмысын тексеру үшін хабарлағанын айтты.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (терроризм актісі туралы жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Ақтөбе қ.ПБ уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру