Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда үйден ер адамның мәйіті табылды

Қарағандылық патрульдік полиция ізін суытпай аса ауыр қылмыс жасағандарды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.


11 маусым күні таңғы 6.17 шамасында Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінен денесінде бірнеше жерден пышақ жарақаттары бар 28 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

– Адам өлімі туралы хабарлама түсісімен ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Қарағанды қ.ПБ патрульдік полиция нараядтарымен оқиға болған жерге жақын барлық аудандарға тексеріс жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен ізін суытпай 28 және 29 жастағы қала тұрғындары ұсталды. Күдіктілер қылмыс жасағандарын мойындады, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.


Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру