Ұрылар жүк пойызының үш вагонын тонап кеткен
– Көлік полицейлері жүктердің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс темір жол ұйымдары қызметкерлерінің өздерімен жасалатын ұрлық фактілерінің кездесіп жататынын тілге тиек етті. Мәселен, жыл басынан бері жылжымалы құрамдардан жүк ұрлағандары үшін «ҚТЖ ҰК» АҚ-ның бес қызметкері және «ӘТЖК» АҚ-ның үш қызметкері ұсталды, – деді полицей.
Аталған қылмыс бойынша ұсталғандардың айтуынша ұрланған жүк салынған қаптарды тиеп, оларды Қарағанды қаласына дейін тасымалдау үшін алдын ала үш автокөлік пен «Камаз автокран» автокөлігін жалға алған.
– Жүргізілген тергеу жұмыстарымен ұсталғандардың кінәсі толық дәлелденіп, Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотының үкімімен жоғарыда аталған құқықбұзушылар қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға бес жылға шартты сынақ мерзімімен бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – деді Алибаев.