Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұры ұрлық үстінде қолға түсті

Орал қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері сәуір мен мамыр айларында 10 қылмыс жасаған күдіктіні кезекті ұрлығы үстінде қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларынан күдікті қашпақ болған. Алайда, жедел уәкілдер сол аймақты жан-жағынан бақылап, күдіктіні қолтығына қысқан заттарымен жасырынуына мүмкіндік бермеген. Күдікті «Самал» ықшам ауданына көз тіккен. «Самалдағы» төрт саяжай қоғамы, үш гараж, үш коттеджге ұрлыққа түсіп, меншік иелеріне тиесілі заттарды ұрлап, үйіне тасып жеткізген. Шетінен сатып,
түскен ақшаны күнделікті қажетіне жаратқан.

19 сәуір сағат 21.00-де Деркөл ауылындағы «Водник» саяжай қоғамындағы бір үйдің пластик терезелері сыртынан бекітілген металл қоршауларын бұзып, үй ішіне кірген. Үйдегі болгарка,
теледидар қондырғысын, ағаш кесетін ара, резеңке қайық, т.б. жеке мүліктерді ұрлаған.
Ұрлық болған күннің ертесіне таңғы салқынмен саяжайындағы көкөністерін суаруға барған барған 1977 жылғы М. есімді ер адам ұры түскенін көріп, полиция шақыртады. Саяжай иесіне 111 мың теңге материалдық шығын келді. Ал, 1997 жылғы еш жерде жұмыс жасамайтын, бұрын заң алдында жауапталған В. есімді оралдық адам ақша тауып, күн көріс қамы үшін қылмысқа барып, «Самалдағы» кейбір нысандарға ұрлыққа түскенін, 10 рет ұрлық жасағанын айтып толықтай мойындады.

– Бүгінгі күні Орал қ.ПБ тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөліміне сай 10 эпизодты қылмысты тергеп, аяқтады. Қылмыс жасаған күдікті заң алдында жауап береді, – дейді Орал қ.ПБ бастығының орынбасары Нұрлан Бисенов.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру