Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол-көлік оқиғаларын алдын алу шаралары жалғасып жатыр

Шымкент қаласының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында күн сайын жол-көлік оқиғаларына мониторинг пен тексеру жұмыстарын жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалада 257 бағдаршам, 22 реттелетін кнопкалы жаяу жүргіншілер өтпелі, 30 реттелмейтін арнайы жарықтандырумен жаяу жүргіншілер өтпелі, 301 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелі, 8300 жол белгісі, жолдардың ұзындығы 1725 км, 33 000 шаршы метр жол белгісі орнатылған.

Жылдың басынан анықталған кемшіліктер бойынша атқарылған жұмыс нәтижесінде 250-ден астам тиісті ұйғарым жіберілді. Оның ішінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына – 203, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына-26 және басқа қызметтерге – 41. Нәтижесінде, 42 лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 614, 630 және 631-баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Шымкент қ. ПД ӘПБ жол және техникалық инспекция бөлімінің инспекторы полиция капитаны Асқар Молдашев Б.Момышұлы және Ұлы Дала көшелерінің қиылысын тексергеннен кейін «Басып озуға тыйым салынады», «Жылдамдықты шектеу», «Тік төмен түсу», «Тік көтерілу» деген ескерту белгілері орнатылды. Оқу кезеңінде күн сайын көптеген балалар жол жүретін №90 мектептің жанында келесі ескерту жол белгілері орнатылды: «Назар аударыңыз балалар», «Жаяу жүргіншілер өтпелі».

Аталған жол белгілері жүргізушілерге аса назар талап етілетін қауіпті жол учаскесіне жақындағаны туралы ескертеді.

Жоғарыда көрсетілген орындардың тұрғындары полиция қызметкерлеріне кәсібилік және жауапкершілікпен атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру