Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер шетел азаматтарына жұмыс істеу үшін рұқсаттар берудің оңайлатылған тәртібін түсіндірді

«Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді алу қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде қызметкер және қызмет алушылар арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол бермеу мақсатында Қызылорда қаласында Көші-қон қызметі орталығы қызмет атқарып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Онда ТМД азаматтары тек жеке тұлғаларда жұмыс істеу үшін рұқсаттар берудің оңайлатылған тәртібі белгіленген. Бұл Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Грузия, Молдова азаматтарына тиесілі.
Қабылдаушы тарапынан үш жұмыс күні ішінде шетелдік елге келген күннен бастап көші-қон қызметін хабардар етуге міндетті.

Хабардар етудің үш жолы бар екендігі ескеріледі. Хабардар визалық көші-қон және электрондық үкімет порталдары арқылы немесе жазбаша көші-қон қызметі арқылы ескертіледі.

Жұмысқа рұқсат қағазы өтініш білдірген күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде рәсімделеді. Ал, заңсыз еңбек етіп жүрген шетел азаматтары жұмыс берушімен қоса ӘҚҚБтК 519 – бабына сәйкес (шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осыған байланысты рұқсат алуға оңайлатылған тәртіпті пайдалануға кеңес береміз.

Қазіргі таңда КҚҚО-да 2175 шетелдіктің еңбегі заңдастырылып, жергілікті бюджетке салық төлемі ретінде 32 млн. 191 мың 566 теңге түсірілді.

Анықтама үшін:
– Сауалнама-өтініш
– Ұлттық төл құжаттың көшірмелері
– №086/е медициналық анықтама (түпнұсқа)
– Медициналық сақтандыру (көшірме)
– Жеке кіріс салық бойынша төленген түбіртек (көшірме)

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру