Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Туған күнінде бала суға кетті

Ақтөбеде 10 жасар бала өз туылған күнінде суға кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 12 маусым шамамен сағат 17:10-да К. Нокин даңғылында орналасқан «Жабайы» жағажайы маңында «Елек» өзенінде 2010 жылы туған кәмелетке толмаған бала табылды, медициналық көмек көрсету кезінде көз жұмды.

Анықталғандай, анасы төрт баласымен өзенге келіп,екі баласының қалай суға кеткенін байқамаған. Құтқарушылар мен өзен жағасындағы адамдар балаларды судан алып шықты, алайда 10 жастағы баланы құтқара алмаған, ал 12 жастағы ағасын жан сақтау бөліміне жеткізілді.

– Ыстық ауа райының басталуына байланысты жазғы кезеңде балалардың су жағажайларында қаза болуына жол бермеу мақсатында ата-аналарға табиғи және жасанды су жағажайларында өзін-өзі ұстау ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы өтініш білдіреміз. Бұл сіз балаңызға судағы қайғылы оқиғалар туралы ескертіңіз. Ағымдағы жылдың басынан бері бұл суға батып кеткен екінші бала, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру