«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ»
Қызылордалық полицейлер «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аумағында 15–18 маусым аралығында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты тарта отырып «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылық мәселелерін шешу үшін іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты тарта отырып, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардыңөкілдері қатарынан жұмыс топтары құрылды.
ОПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының әр сала қызметкерлерінің «Үлгілі отбасы» тақырыбында фотоға түсіріліп, отбасының құндылығын айқындайтын идеологиялық мақсатта «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» «Бақытты жанұя – бақытты ел», «Менің бақытты-Отбасым» мәтінімен билбордтар қала, аудан орталықтарына (Қызылорда, Арал, Сырдария, Шиелі, Қазалы) әзірленіп ілінеді.
Өткізілетін акция туралы ақпараттары бар буклеттерді адамдардың көп жүретін (демалыс саябақтарында, орталық алаңдарда, базарларда және т.б.) жерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.