Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде азаматтарды тергеу изоляторына қызметке шақырды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишевтің тапсырмасын орындау мақсатында департаментке бағынысты КА-168/1 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесі «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» орталығында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, адамдарды мекемеге қызметке шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын ала хабарланған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыс іздеп келген жұмыссыздар арасында мекеменің кадр саясаты бөлімшесі ұсынған: режим жане күзет бөлімінің бақылаушысы, сондай-ақ, медицина қызметкері лауазымына қызығушы жұмыссыздар табылды.
Жұмыссыз азаматтармен әңгімелесу барысында кадр саясаты бөлімшесінің қызметкерлері оларға жұмысқа орналасқан жағдайда: ауысымдық жұмыс кестесі, бір жылғы еңбек өтілінің 1,5 жыл болып есептелетіні туралы, тұрғын үйге қол жеткізу үшін әр отбасы мүшесіне 24 мың теңгеден төленетіні, сондай-ақ, зейнетақыға ерте шығу мүмкіндіктері мен жеңілдіктер туралы, сонымен қатар ұсынылған лауазымның жауапкершілігі жөнінде толық ақпарат берді.

– Жәрмеңке кезінде түзеу мекемесіне жұмысқа қабылданғысы келетін адамдарға қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспаған және тиiсті білімі (орта, арнаулы орта немесе жоғары) болуы керек, сонымен қатар әскери қызмет өткерген немесе әскери дайындықтан өткен адамдар болуы шарт. Үміткер қызметке конкурстық негізде қабылданады және конкурстан өткен жағдайда үміткерлер әрі қарай аталған лауазымға тағайындалып, үш айға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан өткен үміткер алғашқы әскери дайындық курсынан өту үшін үш ай мерзімге Павлодар қаласына оқуға жіберіледі. Бұл оқу казармалық режимде болғандықтан, оқу кезинде тамағы, жатын орны барлығы тегін, яғни үкімет қаражаты есебінен қарастырылады және үміткердің ай сайынғы жалақысы сақталады, – дейді КА-168/1 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің бастығы Әсел Малайдарова.

Айта кету керек, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/1 мекемесі қатысып келетін осындай бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің нәтижесі де жаман емес. Яғни, жыл басынан бері жәрмеңкеде жолыққан адамдар арасында қазіргі уақытта жеті адам аталған мекемеге қызметке орналасу үшін құжаттарын жинақтап, тапсырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру