Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында еркін жайылымнан мал ұрланды

Айдың басында Казанка ауылынан үш шақырым жерде орналасқан еркін жайылымнан ауыл тұрғындарына тиесілі 10 ірі қара жас мал ұрланған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығын сомасы 1 млн.500 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында Мәртөк ауылының 41 жастағы екі тұрғынын ұстады.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, ұрланған малды күдіктілер көрші шаруа қожалығының басқа ірі қара малымен бірге сатпақ болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 2-бөлігі “Мал ұрлығы” сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбе облысының ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, барлық мал басын ауылдық әкімшіліктерде есепке қою, әр мал басы таңбалануы қажет.

– Елді мекендерде ұйымдастырылған табындарды елемеудің қажеті жоқ. Малды ұйымдастырылған табындарға беріп, ауыл тұрғындары ең алдымен өздерін мал ұрлығынан қорғайды. Егер бірнеше қарапайым ережелерді сақтасаңыз, онда сіз өз мүлігіңізді айтарлықтай қауіпсіз қыла аласыз. Мысалы, ешбір жағдайда қараусыз малды жайылымға жібермеңіз, өйткені алқапта немесе жайылымда иесіз жайылып жүрген сиыр барымташылардың оңай олжасы болмақ, – деді Қанат Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру