53 павлодарлық армян көліктерін тіркеді
53 Павлодар облысының тұрғыны Армениядан әкелінген көліктерін есепке қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 1 маусымынан бастап Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеу Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсетудің төрт орталығында (Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Ертіс ауданы) жүзеге асырылады.
ҚР ІІМ мәліметтеріне сәйкес, Павлодар облысының тұрғындары Армения Республикасынан 182 автокөлік әкелсе, оның 77-сі оң рульмен басқарылады және тіркеуге жатпайды. Бүгінгі күні науқан басталғаннан бері тіркеу есебіне 53 автокөлік қойылды.
Көлік құралдары иелеріне мемлекеттік тіркеу белгілері 14 аймақпен “А” әрпінің белгісі бар сары түсте берілді.Осы тіркеумен автокөлік иелері ҚР аумағында да, одан тыс жерлерде де еркін жүре алады, жыл сайын техникалық тексеруден өтіп, сонымен қатар автомобиль көлігі салығын төлей алады.
Армения Республикасынан келген автокөліктің әрбір иесімен полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көлікті тіркеу ережелерін түсіндіреді.
Армения Республикасынан әкелінген автокөлік құралдарын тіркеуге қатысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша облыс тұрғындары анықтаманы Павлодар облысы ПД қызметкерлерінен Call -орталығының: 33-38-06 телефоны арқылы ала алады.