Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Тереңкөл-Железинка” автожолындағы жол-көлік оқиғасынан жасөспірім көз жұмды

Павлодар облысының “Тереңкөл-Железинка” автожолында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, кәмелетке толмаған бала қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 маусым сағат 15.30-да “Тереңкөл-Железинка” автожолында “Volkswagen Passat” маркалы автокөлік “DAF” жүк көлігімен соқтығысты. 32 жастағы облыс тұрғыны басқарған “Volkswagen Passat” автокөлігінде кәмелетке толмаған үш баласы болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2013 жылы кәмелетке толмаған бала қайтыс болған, 2016 және 2020 жылы туған екі қыз Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілді. Тексеру жүргізіледі. Сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру