Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығынсыз көлік тізгіндеген ер адам анықталды

Ақтөбе облысында жүргізуші құқығынан айырылған ер адам көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдары басқармауды сұрайды және ескертеді, өйткені сіздің ойланбаған іс-әрекеттеріңізден адамдар зардап шегуі мүмкін.

Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізушілердің жауапкершілігі туралы заңнаманың күшетілгеніне қарамастан, сондай фактілер тіркеліп жатыр.

21 маусымда полиция қызметкерлері Тлеубатыр мен Маресьев көшелерінің қиылысында 1976 жылы туған ер адамның басқаруындағы «ОпелАстра» автокөлігін тоқтатты. Ер адам көлікті жүргізу құқығынан айырылған, сондай-ақ жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйінде басқарған. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, жүргізуші Ақтөбе қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, автокөлік айыптұрағына қойылған.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысы аумағындаКР ҚК 346-бабы (көлік құралын басқаруқұқығынан айырылған адам көлік құралдарыналкогольдік мас күйінде басқару) орнатылған 85 факті тіркелді.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған, Көлік құралдарын алкогольдік мас күйінде басқарған жүргізушілерге қатысты жаза күшейтілді. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, өмір бойы көлік құралы басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру