ШҚО-да сотталғандар «Домбыра күнін» атап өтті
Шығыс Қазақстан облысы ОВ-156/17 түзету мекемесінде ұлттық қазына «Домбыра күнін» атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекемеде домбыра жасайтын цех орналасқан.
Бұнда сотталғандар екі шекті музыкалық аспаптың бірнеше түрін (ән мен күй домбырасын, балдырған, қуыс мойын, т.б. түрлерін) жасаумен айналысады.
Демалыс кезінде жасақтарда сотталғандар домбыра шертіп, өзара домбыра тартудан, үйренуден секция ашып алған.
Мекеме басшылығы тарапынан да қазыналы аспаптың сотталған арасында кең таралуына барынша ықпал жасалып келеді.
– 2018 жылы шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленген. Осыған орай, осы түзету мекемесінде «Домбыра күні» аталып өтіліп, сотталғандармен қасиетті аспаптың тарихы туралы әңгімелер ұйымдастырылып, домбыраның үні сыңғырлап, күй-термелер тартылып, әндер айтылады, – деді мекеме бастығының орынбасары Мақсат Адамов.
Мекеме басшылығы қызметкерлер мен сотталғандар атынан отандастарымызды құттықтап, әр шаңыраққа қасиетті аспаптың сыңғыр үнімен бақыт орнауын тіледі.