«Жолда қабылдау» кең ауқымды акциясы жалғасады
ҚР Ішкі істер министрі Е.З.Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша «Жолда қабылдау» кең ауқымды акциясы жалғасуда, оның кезекті кезеңі 17-18 шілде өтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы шілденің 17 мен 18-і күндері сағат 09.00 ден 19.00-ге дейін Ақтөбе облысы Полиция департаментінің «жедел желі» 8 (7132) 936-139 телефоны жұмыс істейтін болады.
Аталған акция аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасын сақтау, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін, төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру, жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу мәселелері бойынша түсініктемелер мен кеңестер беріледі.
Сондай-ақ, акцияны өткізу барысында әлеуметтік желілерде онлайн қарым-қатынас жасау негізінде Ақтөбе облысы ПД «Policeaktobe» ресми парақшасында тікелей эфир түсірілетін болады.