Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шәйхана иесі жыртқыш құстарды заңсыз торда ұстаған

Түркістан облысының полицейлері шәйхана иесінен жыртқыш құстарды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне табиғатты қорғау полициясының инспекторы Н. Мұздыбаевтан Азаттық кентіндегі шәйханадан сирек кездесетін жыртқыш құстарға ұқсас бірнеше құстар табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген Түлкібас аудандық полиция бөлімі қызметкерлері шәйхананың иесі алты бас құстарды ғимараттың ауласында заңсыз торда ұстағанын анықтады. Айғақты зат ретінде алынған алты бас құстар сараптамаға жіберілді, нәтижесінде бұл құстар кезқұйрық және жағалтай екендігі анықталды.Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы «Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)» бойынша тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды.. Жинақталған іс-құжаттары шешім шығарылу үшін сотқа жолданады.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары осы баптың санкцияларына сәйкес жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз сатып алу, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) – жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері мен олардың өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру