Сотталған балалар үйіндегі қызына хат жазды
Шығыс Қазақстан облысында сотталған балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан қызының хатына жауап қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ОВ 156/6 қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген сотталған жақында балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан өзінің қызына жауап хат жазды.
– Темір торға түскеннен кейін, мен көп нәрсені түсіндім, көп қателік жасадым, енді мен мұндай қателіктер жасамауға тырысамын. Кешір, бұрын хабарласа алмағаныма, мен сенің қайда екеніңді және сенімен не болғанын білмедім. Сені тіпті қалай сағынғанымды елестете алмайсың, сені көргім және кішкентай кезіңдегідей құшақтағым келеді. Oксаночкa, сенің туған күніңді мен есімде сақтап келемін және жыл сайын 22 наурыз күні сені іштей ойыммен құттықтап жүремін. Сенің салып жіберген суретің маған қатты ұнады, қызым, мен сенің хатыңды сақтап қойдым. Қызым, сен мен үшін қатты алаңдама, біз міндетті түрде жақын арада көрісеміз, – деп жазған Дмитрий өз хатында.
Жазасын өтеп жатқан 38 жастағы Дмитрийдің (есімі өзгертілген) қызының анасы қайтыс болғаннан кейін ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балаларға арналған мектеп-интернатқа тапсырылған болатын. Дмитрий кісі өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол түзеу мекемесінен босатылғаннан кейін қызымен кездесіп, оны өз үйіне алып кетуге үміттенеді. Сотталғанның айтуынша, ол ерте үйленіп, отбасылық жауапкершілікті сезінбеген, жиі ішімдік ішіп, соңында қателігі үшін темір торға қамалған.
Сотталғанның айтуынша, бала мен отбасы туралы ол мүлдем ойламаған. Жұбайы да ішімдік іше бастап, үйінде күнделікті жанжал, тұрмыстық жанжал жиі болып тұрғанын және осының кесірінен жұбайы да өмірден озғанын күрсіне айтты. Қызы ата анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған мектеп интернатқа өткізілгенін екен.
– Күнделікті түзеу мекемесіне жүздеген хат келіп, әсіресе қазіргі коронавирус инфекциясына байланысты карантин кезінде көп хаттар келуде, адамдар түрлі болады, хаттар әртүрлі: біреуі махаббатпен жазылған, екіншісі ашумен жазылған, енді біреуі сағынышпен, алғыспен жазылған, оларды оқи отыра кейде көзге еріксіз жас келген сәттер болады, – деп мекеме қызметкері Салтанат Әнуарбекқызы айтып өтті.
– Егер де қызым өзі маған жазбағанда мен оның қайда екендігі туралы,қай балалар үйінде екенін білмеуші едім және онымен не болғанын білмейтін едім, – дейді сотталған.
Барлық келген хаттар тексерістен өтіп, санитарлық нормаларға сәйкес тазалық өңдеу жұмыстарынан өтіп содан кейін ғана сотталғанға беріледі.
Қазақстанда қазіргі таңда статистика бойынша бес мыңға жуық жетім балалар бар және оның жартысынан астамы ерекше қажеттіліктерді талап етеді.