Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Біреуге карантин, ал біреуге жеңіл буыңмен: Алматы қаласының Наурызбай ауданында үлкен сауна жұмыс істеген

Алматы қаласының Наурызбай ауданында үлкен сауна жұмыс істегені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Монша кешені полиция қызметкерлері аудандық ДККБТУ өкілдерімен арнайы мобильді топтардың құрамында жүргізген мақсатты рейдтер барысында анықталды.

– Монша түнгі уақытта да жұмыс істей берді. Клиенттер тұрақты түрде қабылданды. Сонымен қатар, кешен жұмысшыларының ешқайсысы келушілерден санитарлық нормаларды сақтауды талап етпеді. Бұл түсінікті, себебі мекеме қызметкерлерінің өздері жеке қорғаныс құралдарынсыз және санитарлық тазартқыш құралдарын қолданбаған. Бұл біздің қоғамда кеңінен таралған қылмыстық немқұрайлылық. Әлем пандемиямен күресіп жатқандықтан, әр адам ауруды жою үшін бар күшін салуы керек, керісінше емес. Осы саунадан шыққан жеті адамға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425-бабында көзделген құқық бұзушылық негізінде әкімшілік материалдар жиналды. Олардың әрқайсысына 30 мың АЕК айыппұл салынды, бұл 83 мың теңгеден асады, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру