Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ресейлік және армян автокөліктерінің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін ұрлаумен айналысқан 4 ақтөбелік анықталды

Ақтөбелік тәртіп сақшылары ресейлік және армян автокөліктерінің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін ұрлаумен айналысқан бір топ адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті ретінде төрт жас ер адам ұсталды, олардың біреуі кәмелеттік жасқа толмаған болып шықты. Жастар қала ішінде көлікпен дабыл және бейнебақылау камерасымен жабдықталмаған автокөліктерден мемлекеттік нөмірді ұрлаған. Сонымен қатаролар автокөліктің алдыңғы әйнегіне автокөлік иесі өзінің мемлекеттік нөмірін ақшалай сыйақы үшін қайтара алатындығы туралы жазба қалдыра отырып, «Telegram» әлеуметтік парақшасына хабарласуын көрсеткен.

Ұрланған мемлекеттік нөмір үшін күдіктілер 20 мыңнан 50 мың теңге көлемінде ақша сұраған. Жәбірленушілер полицияға тез арада жүгінді немесе нөмірлерді сатып алғаннан кейін ғана полицияға арызданғандар да бар. Барлығы 40-қа жуық зардап шеккендер анықталды. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық« бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында төрт күдікті анықталды, оның екеуі ұсталып, қалғандарына ұстау шаралары қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру