Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер «Квадрат» әдісі бойынша профилактикалық іс-шара өткізді

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімі қызметкерлері аудан аумағында “Квадрат” әдісі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шарасы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу қала, кент көшелерін патрульдеу, сол аймақтарда бөлімнің профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын тұлғаларды және қару иелерін тексеру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындармен пікір алмасу арқылы бұзақылық, бөтен мүлік қылмысының алдын-алу мақсатында түсіндіру шаралары қамтылды.  Тұрғындардың мекен-жайларын аралау кезінде осы әкімшілік аймаққа жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар тұрғындарға таратылды.

Профилактикалық шара барысында тұрғын үйлердің аулаларында мас күйінде жүрген бес адам анықталып, уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды. Оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабына «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. 492-бабы бойынша «Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру» – 25 дерегі, 434-2-бабы бойынша «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» – екі дерек, 437-бабы бойынша «Түн тыныштығын бұзу» – төрт дерегі, 442-2 бабы бойынша «Түнгі мезгілде тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілінің еріп жүруінсіз» – екі жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесу өткізілді.Аталған бағыттағы жедел профилактикалық іс-шаралар алдағы күндері де жалғасын  табатын  болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру