Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында отбасылық-тұрмыстағы қылмыс саны азайды

Маңғыстау облысының Полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық саладағы криминогендік жағдай туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар 44,4% – ға төмендеді.

Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімімен отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықтар туралы азаматтардың 1800-ден астам шағымдары, арыздары мен хабарламалары қаралды.

Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша «Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер» 800-ден астам, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» 700-ден астам, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша «Ұрып-соғу» 140-тан астам, ҚР ӘҚБтК-нің 3-бабы 3-бөлігі бойынша «Жала жабу» 10-нан астам санды құрайды.
Бөлім қызметкерлері әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық, соның ішінде агрессорлармен жұмыс үшін жауапкершілікті күшейту бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен 1800-ден астам профилактикалық әңгіме өткізілді. Нәтижесінде агрессорларға 1700 қорғау ұйғарымы шығарылды, оның ішінде қалалық жерлерде 1000-нан астам, ауылдық жерлерде – 600-ден астам.

Агрессорды есепке қою полиция отбасындағы зорлық-зомбылық әрекетін тіркегеннен кейін, сондай-ақ агрессорға нұсқама шығарылған жағдайда орындалады. Содан кейін учаскелік полиция инспекторларымен профилактикалық бақылауды жүзеге асырады. Күн сайын ПД ЖПҚБ, ҚАББ полицияның кешенді күштерінің нұсқауларында әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауға кірісетін жасақтар көзделген.

– Отбасыларда салауатты өмір салтын насихаттау, әйелдерге құқықтық көмек көрсету және түсіндіру, «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында жадынамалар мен буклеттер тарату шараларына ерекше көңіл бөлінеді, – деп атап өтті полиция басшысы Ж. Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру